сенбі, 23 қараша, 2024 9:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық  дәрігерлер қызылордалық 1 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Жамбылдық  дәрігерлер қызылордалық 1 жасар баланың өмірін сақтап қалды
ашық дереккөзі
Жамбылдық  дәрігерлер қызылордалық 1 жасар баланың өмірін сақтап қалды

Бүгінде жаңа технологиялардың дамуымен бірге медицина саласындағы  инновациялық жаңалықтар да күннен-күнге  жанданып келеді. Жақында Жамбыл  облыстық  көп бейінді  балалар ауруханасында  қызылордалық нейрохирургтердің бағыттамасымен  келген 1 жасар  Ернұрға күрделі ота жасалды.

Анасының айтуы бойынша, бала дүниеге келгеннен кейін бас мөлшері ұлғая бастаған. Дене қызуы көтеріліп, жағдайы нашарлаған жансақтау бөліміне түседі. Қызылорда қаласындағы перзентханада оған мидың ультрадыбыстық сканері жасалған. Оған декомпенсацияланған  сатысындағы ішкі окклюзиялық гидроцефалия диагнозы қойылып, емдік іс-шаралар тағайындалады.

20 күннен кейін бала қайтадан Қызылорда облыстық балалар ауруханасының  неонатальды хирургия бөлімшесіне  түсіп, оған субгалеальды айналып өту операциясы жасалған. Тұрақты емнен кейін жағдайы тұрақталып, үйіне шығарылып, тұрғылықты мекен-жайы бойынша невропатолог дәрігердің бақылауында болып, мерзімді түрде стационарлық емделуден өтіп тұрған.

Дегенмен, сәбидің мазасы кетіп, дене қызуы түспей қояды. Компьютерлік  томография  нәтижесі   сол жақ қарынша  маневрінен кейінгі жағдайды, яғни ішкі гидроцефалияны анықтайды.

Тараз қаласына әкелінген баланың басына мамандар жедел түрде хирургиялық араласу жасау керек деп шешім қабылдап,  Германияда  өндірілген  вентрикулоперитонеальді шунтты қойып, сондай-ақ нейронавигацияның көмегімен кистаны  алып тастайды.

Жамбылдық нейрохирургтердің  айтуынша, мұндай жағдайларда нейронавигацияның көмегі зор, өйткені ол мидың компьютерлік томографиясының  толық суретін көрсетеді, кистаның жергілікті орнын анықтауға және оған жету үшін қандай тереңдікке баруға, кіру нүктесі мен шығу нүктесін орнатуға мүмкіндік береді. Мұның бәрі жоғары дәлдікпен жасалады.  Сондықтан да бұл әдіс сәбидің өмірін сақтап қалды.

Отадан кейін  нәрестенің жағдайы жақсарып, ұйқысы тынышталып, жағдайы қалпына түсе бастады.  Алдағы уақытта ата-анасы  невропатологтардан тұрақты  кеңес алып, оңалту емін алатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық  сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар