сенбі, 16 қараша, 2024 20:55

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық диқандар қарбыздың америкалық сұрпын өсіруде

Жамбылдық диқандар қарбыздың америкалық сұрпын өсіруде
ашық дереккөзі
Жамбылдық диқандар қарбыздың америкалық сұрпын өсіруде
Жамбыл облысы Талас ауданында биыл ғана ашылған «Береке» шаруа қожалығы қарбыздың мұхит асып келген америкалық түрін өсіруде. Маңғыстаулықтар арыстық шаруаларға алғыс айтты Президент тапсырмасы: Жамбылда қоймалар саны артып, жем-шөп қызу дайындалуда Қазақстанда мал бағасы қалай құбылып тұр Асқар Мамин жем-шөп дайындау жұмыстарын жандандыруды тапсырды Қарбыздың америкалық «AU Producer» сорты 70-80 күнде өнім береді. Қожалық иесі күздік қарбыздың бұл түрінен шырын өндіруді жоспарлап отыр. «Жоғары өнімді сорт болып табылатын бұл қарбыздың өнімділігі жақсы күтім жасалған жағдайда 18-20 келіге жетеді»,-дейді аталған шаруа қожалық төрағасы Нұркен Тұраров. Таластықтарға тіл үйірер дәмі бар пайдалы әрі ерекше шырын ұсынғалы отырған шаруа қожалығының төрағасы жетіліп піскен өнімді алдағы уақытта басқа өңірлерге де тасымалдауды көздеуде. Сонымен қатар, ол 20 гектар жерге жоңышқа, жүгері және көкөніс егіп, 9 гектарды қауын мен қарбыз бақшасына айналдырған. Қожалық диқаншылыққа жаңа технологияларды да қолдана бастаған. Жоңышқа алқабын жаңбырлатып суаратын «Bauer» құрылғысымен суарса, жүгері мен көкөніс және бақша өнімдеріне дихандар тамшылатып суару әдісін енгізген.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар