сенбі, 16 қараша, 2024 18:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Жоғары деңгейде ұйымдастырылды
ашық дереккөзі
Жоғары деңгейде ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы халыққа Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес елімізде алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Кеше Шығыс Қазақстан облысында 300-ден астам байқаушы бақылауда ұстады. Басты мақсат – сайлау үдерісінің ашық, таза және заң аясында өтуін қадағалау болды.
Байқаушылар бұл жұмысты асқан ынтамен атқарды деп ой­лаймын. Олай дейтінім, ауылдың ертеңгі өмірі, әл-ауқаты бүгінгі сайланған үміт­кердің жұмысына, іскерлігіне, тәжірибесіне байланысты бол­мақ. Осы сайлау  бір жағынан әкімдердің халық алдындағы жауапкершілігін арттырса, екінші жағынан халықтың қо­ғам­дағы мәселелерге араласып, белсенді болуына жол ашады. Байқаушылар арнаулы оқы­тудан өтіп, заң норма­ла­рымен, мүмкін болатын жағдайлармен танысты. Оларды сайлау саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар мамандар даярлады. Айта кетерлігі, байқаушыларды не­ғұрлым жер­гілікті тұрғындар арасынан тарттық. Олар бүгін байқаушы болғанымен, ертең сол ауылда қарапайым тұрғын ретінде өмір сүреді. Сондықтан сайлаудың бұрмалаусыз өтуіне мүдделі болды. Олардың айтуына қара­ғанда, бәрі заңға сәйкес өтті. Сани­тарлық нормалар сақ­талған, комиссия мүшелері өз жұмыстарын дұрыс атқарды. Ешқандай заңбұзушылық тір­келген жоқ.    
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар