сенбі, 28 қыркүйек, 2024 20:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді
ашық дереккөзі
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне масканы шешуге рұқсат етілді
Токиодағы Олимпиада ойындарының жүлдегерлеріне Олимпиада ұйымдастырушылары марапаттау рәсімінде суретке түсу кезінде 30 секундқа масканы шешуге рұқсат етті. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің сайтынан мәлім болды. Әнұран біткеннен кейін спортшыларға максимум 30 секундқа маска шешуге болатыны туралы белгі беріледі. Бұл кезде жүлдегерлер бұрынғыша әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек болады. Бұдан кейін олимпиадашыларға масканы қайта тағу керектігі жөнінде тағы бір белгі беріледі. Сол кезде маска таққан жеңімпаздармен олардың тұғырында суретке түсуге рұқсат етілмек. Еске сала кетейік, Қазақстан әзірге биылғы Олимпиада ойындарында екі «қола» алды. Еліне жеңісті дзюдошы Елдос Сметов пен ауыр атлетші Игорь Сон әкелді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар