Жамбылдық полицейлер жалған нөмірмен жүрген автобус жүргізушісін ұстады
- авторjambylinfo.kz
- 12 маусым, 2024
- 403
2024 жылдың 10 маусымынан бастап Жамбыл облысының аумағында "Автобус" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Рейдің алғашқы күні полицейлер жол қозғалысын қадағалау кезінде жол ережесі бұзылған 131 фактіні тіркеген.
«Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 3 жүргізуші, заңсыз қайта жабдықтағаны үшін – 10, техникалық байқаудан өтпегені үшін – 19, маневр жасау ережелерін бұзған – 24, ҚР міндетті сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін - 13, тағы 13 - қозғалыс жылдамдымдығын асырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды», - деді Жамбыл облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Құрмет Мәжікенов.
Сонымен қатар, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының 350-шақырымында полиция қызметкерлері Алматыдан Түркістан облысына бағыт алған жалған тіркеу нөмірлік белгімен "Yutong" маркалы қалааралық автобусты басқарған 49 жастағы жүргізушіні анықтады.
Жолаушылар автобусы айып тұраққа қойылып, 36 жолаушы басқа автобуспен жеткізілді. Сот шешімімен құқық бұзушы 2 тәулікке қамауға алынды және 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бірінші күні айып тұраққа барлығы 12 қоғамдық көлік қойылды.
Еркебұлан Мырзабек
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз