жексенбі, 6 қазан, 2024 1:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атыраудағы су тасқынымен күрескен тараздық батырлар марапатталды

Атыраудағы су тасқынымен күрескен тараздық батырлар марапатталды
Сурет: Юрий Ким
Оларға Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеевтің арнайы марапаттары табысталып, дастархан жайылды

Атырау облысындағы су тасқыны салдарын қалпына келтіру жұмыстарына атсалысқан тараздық кәсіпорын, мекеме қызметкерлерін мапарапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz. 

Шарада Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек сөз сөйлеп, бейбіт күннің батырларын марапаттады. 

“Жамбыл облысынан Атырау облысына 100-ден аса техника мен 65 адам аттанды. Сіздер жұдырықтай жұмылып, үлкен жұмыс істедіңіздер. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің құрметін қабыл алыңыздар", - деді облыс әкімінің орынбасары. 

Мұнан кейін ол аймақ басшысының "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі,  "Құрмет" грамотасы мен "Алғыс" хатын бас аяғы 14 адамға тапсырды. 

Марапаттау рәсімінің соңы Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар