бейсенбі, 21 қараша, 2024 23:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру және еңбек заңнамасын бұзу жағдайлары орын алды

Кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтіру және еңбек заңнамасын бұзу жағдайлары орын алды
Сурет ашық дерекөзден алынды
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланып, заңсыз сертификаттар берген. Заңды тұлғаларды жауапкершіліктен босатып, тауарларды шекара арқылы заңсыз өткізген. Одан бөлек мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артықшылықтар беру фактілері қоса анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz. Бас көлік прокуратурасына сілтеме беріп.

Шу көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекцияларының қызметіне тексеру жүргізді. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша 2 миллион теңгеге жуық сомаға әкімшілік хаттама толтырылып, 20-дан астам лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Оның ішінде Мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылық жасағаны үшін 2 ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекторлары жазаланады және инспекциялардың жетекшілері қатаң сөгіс алуда. Сондай-ақ 60-тан аса инспекция қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

              

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар