Ең жоғарғы балл – 135: Жамбыл облысында ҰБТ қалай жүріп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 11 маусым, 2024
- 644
Жамбыл облысы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері 7,8 мыңнан астам оқушы тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 84% қазақ тілінде, 16% орыс тілінде, 2 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта талапкерлердің 79% шекті балл жинаған.
«Аймақтағы орташа балл – 69 балл. Ең жоғары балл – 135, оны Тараз қаласы мектебінің түлегі алды», - деп хабарлады білім басқармасы.
Облыста ерекше білімге мұқтаж балалар қалай тест тапсырыс жатыр
Айта кетерлігі, ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін қолайлы жағдай жасалғандықтан, ҰБТ-ға үш аптаның ішінде 38 талапкер қатысқан.
«Ал, тестілеу кезінде талаптардың сақталмауына тоқталатын болсақ, қазір 14 ереже бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 12 талапкер смартфон, шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқандықтан, тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 2 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды», - деп хабарлайды басқарма.
Жалпы, Жамбыл облысы бойынша 11154 адам тестілеуге тіркелген. 87% – ы қазақ тілінде, 13% - ы орыс тілінде, 10 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге өтініш білдірді.
Еркебұлан Мырзабек
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз