жұма, 5 шілде, 2024 16:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық шабандоз жол апатынан мерт болды

Жамбылдық шабандоз жол апатынан мерт болды
Сурет: Бақберген Шағырбайдың жеке парақшасынан алынды
Оқиға 10 маусымда сағат 9.59-да Алматы-Екатеринбург тасжолындағы 655-ші шақырымда болған

Кеше Қарағанды облысының аумағында болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан екі адам қаза тапқан. Тағы төрт адам ауыр хәлде ауруханаға түскен. Жүк көлігінің біреуінде Меркі ауданының көкпаршылары болған деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Жас шабандоздың қазасы туралы фотограф Бақберген Шағырбай жазды. Ол жас жігіттің өмірінің соңғы сәтінде жанында болған бірден бір адам.

«Соңғы ойын. Өмірден алған ең үлкен сабағым, пендешілік. Кеше Қарқаралыда өткен екі күндік тойда команда көкпардан Меркі ауданы суырылып алға шықты, бірінен соң бірін ұтып бірінші орында иеленді. Кеш қарайып жолға шықтық. Алдында арқа сүйер екі ағам және мен. Кенет ұялы телефоныма хабарлама келген дауыстатып тыңдадым. Таңғы сағат 7:38 одан хабарлама келді: «Асссалаумағалейкум, аға біз жолға шықтық». Ронти, қазір суреттерің өңделіп жатыр дедім мен...»- деп жазған Бақберген Шағырбай.

Ал, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

«Жол апаты салдарынан жүк көлігінің бірінің 20 жастағы жүргізушісі мен оның 31 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді», - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Диана Орынбасар
Автор

Диана Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар