Судағы қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан қаза болған 8 адамның 4-еуі бала
- авторjambylinfo.kz
- 11 маусым, 2024
- 737
Елде су айдындарында шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. Суға шомылуға болмайтын және тыйым салынған 6 587 ескерту белгісі орнатылған. Жүргізілген рейдтің нәтижесінде заң талаптарын бұзған 525 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Жаз басталғалы Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 13 адамды құтқарды. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан 8 азамат қаза болған. Оның 4-і кәмелетке толмаған балалар.Осындай өрескел қателіктерді болдырмау мақсатында ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов бақылау шараларын күшейтуді тапсырды. Қазіргі таңда су айдындарында сағат сайын рейд жүргізіледі. Бүгін Астанада ведомство басшысы Есіл өзенінің жағалау бойын тексеріп, елордалық жедел құтқару жасағына бірқатар нақты тапсырмалар берді.
ТЖМ кеңесі:
Рұқсат етілген, қауіпсіз су қоймаларында демалыңыз.
Балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмаңыз және ересектердің еріп жүруінсіз, олардың шомылуына жол бермеңіз.
Бейтаныс және шомылуға жабдықталмаған жерлерде, сондай-ақ «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті», «Су иірімі» белгілері орнатылған жерлерде шомылуға болмайды.
Мас күйінде шомылуға болмайды.
Жүзу шекараларын белгілейтін буйкалардан тыс жүзуге болмайды.
Шағын көлемді кемелерге және басқа жүзу құралдарына жақын жүзуге болмайды.
Тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды.
Жүзуге арналмаған заттармен жүзуге болмайды.
Қайықтардан, айлақтардан, табиғи түзілімдерден (жартастар, тастар, парапеттер, қоршаулар және басқа да заттар), сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз