Жамбыл жаңалықтар
Жамбылдық спортшылар бесінші рет қатарынан ел чемпионы атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 7 желтоқсан, 2025
- 1
Еркін күрестен командалық есеп бойынша жамбылдық спортшылар 135 ұпай жинады
Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында Жамбыл облысының балуандары тағы да үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Еркін күрестен командалық есеп бойынша жамбылдық спортшылар 135 ұпай жинап, барлық қарсыластарын артқа тастап, бесінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды.
Жамбыл облысы командасы соңғы жылдары еркін күресте Қазақстандағы ең үздік мектептердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Аталған додада Алматы қаласының құрамасы 112 ұпаймен екінші орынға, ал Алматы облысы 96 ұпаймен үшінші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Халықаралық адам құқықтары күніне орай дөңгелек үстел өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Мәлік Отарбаев жамбылдық жастармен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 5 желтоқсан, 2025





