Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне байланысты 2026 жылдың қаңтарында қазақстандықтарды ұзартылған демалыс күтеді.
1–2 қаңтар – ресми мереке күндері, ал 3–4 қаңтар демалыс күндеріне сәйкес келетініне байланысты қазақстандықтар төрт күн қатарынан тынығады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сонымен қатар, 7 қаңтар – Рождество мерекесі биыл сәрсенбіге түседі. Бұл – апта ортасындағы қосымша бір күндік демалыс, яғни жұмыс аптасы қысқарады.
Осылайша, қаңтар айында мерекелік демалыстар азаматтарға күш жинап, жаңа жылды жақсы көңіл-күймен бастауға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстан цифрландыру бойынша халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтты
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
Елімізде
Мәдени мұраға қатысты жаңа заңнамалық түзетулер: Ерлан Қарин жазба жариялады
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025






