бейсенбі, 21 қараша, 2024 17:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жер алу, баспана салу, жұмыссыздық. Облыс әкімінің қабылдауына келген азаматтар көбіне қандай өтініш айтады?

Жер алу, баспана салу, жұмыссыздық. Облыс әкімінің қабылдауына келген азаматтар көбіне қандай өтініш айтады?
Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақ халқын мазалаған сұрақтар бойынша жеке қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Өарашөкеев азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, оларды мазалаған мәселелерді тыңдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Дереккөзге сүйенсек, қабылдауға келген азаматтар қоғамдық деңгейдегі маңызды мәселелермен қатар отбасы мен өзіне қатысты түйіткілді сұрақтарды көтерген. 

"Атап айтқанда, Тараз қаласының тұрғыны Сейділлә Пірімқұлов шаһар көшелерінің біріне және білім ұясына Ту авторы Шәкен Ниязбековтың атын беруді ұсынды. Тағы бір тұрғын Жеңісбай Жансақалов кәсіпкерлік жүргізу үшін жер телімін алуға ықпал етуді сұрады. Ербол Қарашөкеев бұл мәселе жөнінде жауаптыларға нақты міндеттер жүктеп, қолдау бойынша жан-жақты мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды", - деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі. 

Қабылдауға келген өзге де азаматтар жайылымдық жер, көпқабатты тұрғын үй ауласын реттеу, баспана алу, жұмысқа орналасу сынды мәселелерді көтерді.

"Облыс әкімі азаматтардың өтініштеріне жіті көңіл бөліп, барлық мәселе заң аясында қарастырылатынын атап өтті. Бірқатар өтініштерді жан-жақты зерделеу үшін жауаптыларға нақты тапсырмалар берді", - деп хабарлады дереккөз. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше біз Тараз қаласындағы көшелерге қашан Еңбек ерлері мен Кеңес Одағы Батырларының есімдері берілетінін жазған болатынбыз. 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар