жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда мәслихат депутаттығына сайлау өтті

Жуалыда мәслихат депутаттығына сайлау өтті
Ашық дереккөз
26 қазан күні Жамбыл облысының Жуалы ауданында аудандық мәслихаттың №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтті.

Сайлау Ақтөбе және Қызыларық ауылдық округтерінің аумағында ұйымдастырылып, бұл округ бойынша барлығы жеті учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Таңғы сағат 7:00-де басталған дауыс беру кешкі 20:00-де аяқталды.

Аталған округте сайлаушылар саны 2659 адамды құрайды. Сайлау комиссиясының мәліметінше, 18–34 жас аралығындағы 792 жас сайлаушы өз таңдауын жасап, 106 адам алғаш рет дауыс берді. Сондай-ақ 47 қарт тұрғын үйден дауыс беруге мүмкіндік алды.

Сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй байқалып, тұрғындар өз таңдауларын жасап, бюллетеньдерін жәшікке салды. Әсіресе ауыл ақсақалдарының белсенділігі ерекше болды. Солардың бірі – 75 жастағы ерлі-зайыптылар Мамытқұл Алтынбек пен Мамытқұлова Нағима сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасаған алғашқы сайлаушылардың қатарында болды.

Бұл жолғы сайлауда үш үміткер бақ сынады. Олардың бірі саяси партияның мүшесі болса, екеуі өзін-өзі ұсынған азаматтар. Сайлау күні ауылдарда тұрғындардың белсенділігі айқын байқалды. Көпшілігі отбасымен келіп, өз таңдауларын жасады. Учаскелерде жылы атмосфера орнап, бақылаушылар мен сенімді өкілдер өз міндеттерін атқарды.

Сайлау қорытындысы жақын күндері жарияланып, ең көп дауыс жинаған үміткер Жуалы аудандық мәслихатының депутаты болып тіркеледі.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар