жұма, 5 желтоқсан, 2025 12:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалыда заңсыз жұмыстан босатылған мұғалімдер сот арқылы 10 млн теңге өндіріп алды

Жуалыда заңсыз жұмыстан босатылған мұғалімдер сот арқылы 10 млн теңге өндіріп алды
Pixabay.com
Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді

Жуалы ауданында бірнеше мұғалім заңсыз жұмыстан босатылғаны үшін 10 млн теңгеден астам өтемақы алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мектеп директоры үш ұстазға зейнет жасына толмай тұрып еңбек шартын тоқтататыны жөнінде ескерту берген. Алайда заң бойынша мұндай хабарлама қызметкер зейнет жасына жеткеннен кейін ғана, әрі кемінде бір ай бұрын жасалуы тиіс.

Сонымен қатар заң зейнет жасына шыққан мұғалімдерге оқу жылының соңына дейін жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты мұғалімдер сотқа жүгініп, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, қызметке қайта орналастыруды, мәжбүрлі бос жүрген уақыт үшін жалақыны, сондай-ақ моральдық зиян мен шығынды өндіріп беруді сұрады.

Сот шешімімен талаптың бір бөлігі қанағаттандырылды:

жұмыстан босату туралы хабарламалар мен бұйрықтар заңсыз деп танылды;

мұғалімдер бұрынғы қызметіне қайта орналастырылды;

олардың пайдасына 9 млн теңгеден астам жалақы, 300 мың теңге моральдық өтемақы және 900 мың теңге көлемінде өкіл қызметіне кеткен шығын өндірілді.

Аталған шешім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар