Жуалылық ұстаздар халықаралық марафонда үздік нәтиже көрсетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 қараша, 2025
- 718
Аудан мұғалімдері өз істерімен өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының үлгісін көрсетуде.
Жақында Жаңаталап орта мектебінің мұғалімі Дәурен Әбдімомынов пен Ақтөбе тірек мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ренат Жапаров Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткен халықаралық марафонға қатысып, 42 шақырымдық қашықтықты сәтті бағындырды. Екі педагог те ең күрделі саналатын толық марафонды аяқтап, жоғары төзімділік пен жігерлік танытты.
Білім саласындағы кәсіби қызметімен қатар, аталған ұстаздар Жуалы ауданында шахмат спортын дамытуға елеулі үлес қосуда. Олар дайындаған оқушылар аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарға ие болып келеді. Мұндай нәтижелер ұстаздардың еңбегін, табандылығын және спортқа деген сүйіспеншілігін айғақтайды.
Марафонды абыроймен аяқтаған Дәурен Әбдімомынов пен Ренат Жапаровтың жетістігі – аудан ұстаздарының көпқырлы мүмкіндігін және салауатты өмір салтын насихаттаудағы белсенділігін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





