сейсенбі, 3 желтоқсан, 2024 23:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жылыту маусымына дайындық пысықталды

Жылыту маусымына дайындық пысықталды
Коллаж: jambylinfo.kz
Таразда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен жылыту маусымына дайындық жөніндегі штаб отырысы өтті. Бұл туралы қала әкімінің «медиа орталығы» хабарлады,- деп жазады jambylinfo.kz.

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 1 қазанына дейін толық аяқталатынын айтты.

«Қазіргі таңда 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Осы мақсатта ағымдағы жылы «Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бүгінге 2000 метрден аса лоток және құбыр жүйесіне демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 9 жылу камералары демонтаждалып, 8-і бойынша бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі және 1 қазанына дейін аяқтау жрспрда тұр,-деді Қайрат Исмаил.


Ал  «ТаразТрансЭнерго» мекемесі директорының міндетін атқарушы Арман Бектибаев жылыту маусымына дайындық шеңберінде кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасының тарифтік сметасы бойынша 2024 жылдың маусым-қыркүйек айларында Әйтиев, Әйтеке би, Желтоқсан, Пушкин, Абай, Сүлейменов көшелері орамішілік жылу желілерінің тозығы жеткен учаскелерін ауыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Жиынды қорытындылаған шаһар басшысы жылыту маусымына дайындыққа қазірден бастап кірісу керектігін айтты.
 

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар