жексенбі, 23 маусым, 2024 6:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордайда «Алатаудың бұлбұлы» атты қазақ-қырғыз айтысы өтіп жатыр

Қордайда «Алатаудың бұлбұлы» атты қазақ-қырғыз айтысы өтіп жатыр
Сурет: jambylinfo.kz
Ауқымды шараға бауырлас екі елдің өнер майталмандары жиналды

Қордай ауданында Кенен Әзірбаевтың 140 жылдығына орай, «Алатаудың бұлбұлы» атты қазақ-қырғыз айтыс ақындары, жыршы-термешілері мен манасшыларының қатысуымен халықаралық фестиваль өтіп жатыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Фестиваль аудандық мәдениет үйінде өтті. Шара қонақтары алдымен халық ақыны Кенен Әзірбаевтың өнері мен шығармашылығы көрініс тапқан көрмені тамашалады. «Алатаудың бұлбұлы» атты фестивальдың ашылуында Қордай ауданының әкімі Бекзат Болатбеков сөз сөйлеп, Кенен Әзірбаевтың шығармашылыңғын насихаттау бойынша іс-шаралар жалғасатынын атап өтті.

«Мерейтойға орай, еліміздің басқа өңірлерінің өнерпаздары мен көрші Қырғызстан республикасының айтыскерлері және манасшылары келіп, ақынның мол мұрасын ұлықтағалы отыр. Кенен атамыз артына өлмес мол мұра қалдырған адам. Сондықтан екі ғасырдың куәсі болған бабамыз ешқашан ұмытылмайды. Осындай үлкен тұлғамыздың өнерін жалғастырар жастарымыз көп болсын»,- деді аудан әкімі.

Бұдан соң, Қырғыз ұлттық  «Манас» театрының директоры Азиз Бимырзаұлы және Жамбыл облыстық айтыскер ақын, жыршы-термешілер орталығының директоры Ахметжан Өзбеков аталған шараның маңыздылығына тоқталып, екі ел арасындағы мәдени байланыс алдағы уақытта арта түсетінін айтты. Сонымен қатар, қос тарап меморандумға қол қойды. Бұдан кейін салтанатты шара қазақ-қырғыз ақындары арасындағы айтысқа ұласып, концерттік бағдарламамен жалғасты. 

Айта кетейік, бүгін Алатаудың етегін жайлаған бауырлас халықтардың өнерпаздары арасында футболдан турнир өтеді.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар