Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 10:34
- 411
Облыс әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтағы білім беру саласындағы елеулі жетістіктері үшін бірқатар педагогті марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Кездесу барысында облыс әкімі «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 6 жеңімпазына қаржылай сертификат (300 АЕК көлемінде) берілді. Ол 1 млн. 107 600 теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жиында 5 мұғалім «Жамбыл облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» құрметті атағы мен төсбелгісінің иегері атанды. Олар да арнайы сертификатқа ие болды.
Жиналғандарға облыс әкімінің құттықтау хаты табыс етілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз