сәрсенбі, 6 қараша, 2024 2:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

1 қыркүйек демалыс күні үшін мұғалімдерге ақы төленеді

1 қыркүйек демалыс күні үшін мұғалімдерге ақы төленеді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұғалімдерге демалыс күніндегі жұмысына ақы қалай төленетінін түсіндірді

Қазақстанда 1-ші қыркүйек Білім күні жексенбіге тұпа-тұс келуіне байланысты
Оқу-ағарту министрлігі мектеп мұғалімдеріне қосымша ақы төленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Министрліктің мәліметінше, педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті.

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов
Ашық диалог» порталындағы блогында
мұғалімдерге 1 қыркүйек демалыс күніндегі жұмысына ақы қалай төленетінін түсіндірді. 

«Жұмыскердің демалыс күндері жұмысқа қатысуына қызметкердің жазбаша келісімімен рұқсат етіледі және оның жұмысы үшін басқа демалыс күні беріледі (жұмыс істеген уақытына сәйкес) немесе төлем қызметкердің күнделікті (сағаттық) ставкасының негізінде бір жарым еседен кем емес төленеді. Егер қызметкер бас тартса, бұл еңбек тәртібін бұзу емес, тиісінше оған ешқандай заңды салдарлар әкелмейді», - деп жазды министр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар