Футболшы бұған дейін қазақша сұрақ қойған журналисті «хайп жасады» деген еді
Нұралы Әліп «Зенит» пен «Спартактың» ойынынан кейін бастапқы құрамдағы орнына қайта оралды. Жақсы ойын көрсеткені үшін оны спорт комментаторы мақтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Sports.kz жазғандай, белгілі ресейлік спорт комментаторы Геннадий Орлов сұқбатында «Спартакпен» РПЛ ойынында алаңнан шығарылған «Зенит» футбол командасының қорғаушысы Страхиния Эраковичті сынға алып, Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Нұралы Әліпті мақтаған.
- «Спартакпен» болған матч «Зенит» құрамасында қиындық туғызды. Мен Семактың үзілістегі басқа спортшымен алмасуы артық болды деп ойламаймын. Бірақ Волковты қандай жағдай болмасын алып тастау керек еді. Жас жігіттің қателігі көп болды. Бұлай болмайды. Караваев әзірше дайын емес секілді көрінді. Сол үшін оң жақ қапталға Эраковичті жіберу керек болды. Бірақ ол үмітті ақтамады. Ал, Нұралы Әліптің алаңға шығуы маған ұнады. Өте сенімді ойнады. Меніңше ол спортшылар құрамынан Эраковичті ығыстыратын секілді,- деді ол.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024