1 қыркүйектен бастап мектептерде жаңа жоба жүзеге асады
- авторjambylinfo.kz
- 18 тамыз, 2024
- 38.2k
Цифрлық мұғалім" жобасы республика бойынша 2000-ға жуық оқушыны қамтиды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, "Цифрлық мұғалім" жобасы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған.
Бұл жоба президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына жолдауы негізінде жасалған.
"Білім беру ұйымдарында 2024 жылдың қыркүйегінде "Цифрлық мұғалім" жаңа жобасы басталады. Бұл жоба аясында әлеуметтік осал топтардан шыққан оқушыларға қорытынды емтихандарға дайындалуда қолдау көрсетіледі. Оқушыларға цифрлық оқу материалдары мен қосымша сабақтар қолжетімді болады", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Айта кетейік, "Цифрлық мұғалім" жобасы осал отбасылардан шыққан балаларға арналған. Жоба бойынша ел аумағында 2000-ға жуық оқушы қамтылады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа заң: Дәрігерлердің қателігі үшін науқасқа ақы төленеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024
Ақтауда қатты жел соғып, қаланың тең жартысы жарықсыз қалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 қараша, 2024