жұма, 20 қыркүйек, 2024 0:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таластықтар полицей Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды

Таластықтар полицей Абылайхан Әбішкенді ақтық сапарға шығарып салды
Сурет: Жамбыл облыстық Полиция департаменті
Марқұм туған жері Ақкөл ауылында жерленді

Бүгін таластықтар 17 тамыз күні «Меркі-Шу-Бурылбайтал» республикалық маңызы бар тас жолында қызмет өткеру барысында жол апаты салдарынан қаза болған полиция қызметкері Абылайхан Әбішкеннің денесін жер қойнауына тапсырды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жаназаға Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков, Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері, марқұмның отбасы, ағайын-туыстары, қызметтес әріптестері, достары қатысты. 

Нұрбол Жүнісбеков сөз алып, марқұмның отбасына, жақындарына көңіл айтты. 

Қоштасу жиынында ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденовтің, Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қазаға байланысты көңіл хаттары оқылып, қайғыға ортақ екендігі және марқұмдардың отбасына мемлекет тарапынан әрдайым қолдау жасалатыны жеткізілді. 

Айта кетейік, қызмет барысында қаза тапқан полицей Абылайхан Әбішкеннің артында жары мен екі баласы қалды. 

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза болған полиция қызметкерлері «Айбын» орденіне ұсынылатын болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар