”10 жылым ешқандай өзгеріс алып келмеді": Мәдина Сәдуақасова үлкен өкінішін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 22 қазан, 2024
- 410
Әнші Мәдина Сәдуақасова Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірәлінің үйлену тойында өміріндегі үлкен өкінішін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі Revue News бағдарламасына берген сұхбатында өзге әріптестері секілді екінші рет дүбірлі той жасағысы келетінін, алайда оған жолдасы қарсы екенін тілге тиек еткен.
"Мұндай той бізде болмайды деп ойлаймын. Болса да, шағын той ғана болуы мүмкін... Мен тойшыл әрі көпшілмін. Әттең жолдасым ондай емес. Маған салса, барлық туыстарыңды, жақындарыңды, достарыңды жинап, у-шу болып тойлағанға не жетсін. Осындай кештер жасағым келеді. Қайтем енді?! 10 жылым бекер кетті. Ешқандай нәтиже алып келген жоқ. Жолдасым қарсы. Сондықтан көндік", - деді әнші ағынан жарылып.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз