жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 11:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

16 тамызда Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма

16 тамызда Қазақстанда жойқын жер сілкінісі бола ма
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Сейсмология институты пікір білдірді

Telegram арналардың бірінде елімізде 16 тамыз күні сағат 04:00-де ірі жер сілкінісі болатыны туралы жазылған. Бұл ақпаратты Stopfake.kz сайты фейк деп мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Желіде тараған жалған ақпаратқа Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институты пікір білдірді. 

"Халықаралық сейсмологиялық орталықтардың ресми мәліметтері бойынша, 16 тамызда магнитудасы 5,5 балдан асатын қатты жер сілкінісі күтілмейді. Қазақстан аумағында да. Елімізде шекара маңындағы аумақтарда болған барлық төтенше оқиғалар, сондай-ақ біздің аспаптарымыз тіркеген транзиттік жер сілкіністері "112 KZ" телеграм-арнасында және www.seismology.kz сайтында жедел түрде жарияланады. Тек ресми ақпаратқа ғана сеніңіздер", – делінген хабарламада.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар