жексенбі, 24 қараша, 2024 18:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутат Тұрлыхановтың сотталған ұлына қатысты тағы да дау шықты

Депутат Тұрлыхановтың сотталған ұлына қатысты тағы да дау шықты
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Әскери сот мәлімдеме жасады

Кеше әлеуметтік желіде депутат Дәулет Тұрлыхановтың шартты мерзімге сотталған ұлы Нұрасыл Болаттың видеосы желіде пайда болды. Аталған жайтқа қатысты Әскери сот мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Алматы гарнизонының Әскери соты Болат Н.-ға қатысты іс бойынша сот актісі оның тіркелген жері бойынша Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің департаментіне уақытылы орындау үшін жолданғанын хабарлады. 

"Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша Пробация қызметінің хатымен сотталушының мекен-жайы үкімдегі мекен-жаймен сәйкес келмеуіне байланысты материал орындалмай қайтарылған. Осыдан кейін, сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізді, өйткені оның деректерін сұраған кезде екі қалада орналасқан екі мекенжайы көрсетілген", -делінген Әскери сот мәлімдемесінде.

Әскери соты департаменті аталған іс жүргізудің ұзақтығының себептерін анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

 "Қазіргі уақытта іс бойынша сот актісі сотталғанның Алматы және Астана қалаларындағы тұрақты және уақытша тіркеу орындары бойынша Пробация қызметіне жіберілді", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Еске салайық, кеше адвокат Анна Чернова әлеуметтік желілерде Нұрасыл Болаттың Алматыда түнде мейрамханада жүрген  бейнежазбасын жариялаған болатын. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар