бейсенбі, 19 желтоқсан, 2024 5:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

170 млн теңге аса ірі мөлшерде пара алған

170 млн теңге аса ірі мөлшерде пара алған
Фото - ашық дереккөз
Астанадағы құрылыс компаниясының басшысы он жылға сотталды

"Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС Бас директоры Кадесов пен азамат Давлетовке қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды 

 "Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "Елорда Құрылыс Компаниясы" ЖШС Бас директоры Р.А. Кадесов пен азамат О.Б. Давлетовке қатысты үкім шығарды", – делінген хабарламада. 

Сот үкімі бойынша құрылыс компаниясының басшысы он жылға бас бостандығынан айырылған. Ал Давлетовке 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

"Р.А. Кадесов О.Б. Давлетов арқылы Астана қаласында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу шарты бойынша аванс төлегені және сметаны ұлғайтқаны үшін мердігер ұйым басшысынан 170 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды", – делінген сот үкімінде.

Сонымен қатар сот Кадесовтің мүлкін құны пара сомасына тең төрт автокөлік құралы түрінде тәркіледі. Осылайша, мемлекетке 170 млн теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар