бейсенбі, 7 қараша, 2024 14:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жазды.

Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz   Aikyn.kz сілтеме жасап

Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде жазды. Оның айтуынша, сәби сағат 19.40-та көз жұмған. 

«Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Абай облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста отырмын», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында. 

Абай облыстық Полиция департаменті күдікті іздестіріліп жатқанын, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 13 қазанда Семейдің сол жағалауындағы көпқабатты үйдің ауласында болған. Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің ауласында полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілердің жүргені бейнеленген видео жарияланған болатын. Жанып жатқан қоқыс жәшігінен сәбидің табылғаны белгілі болды. Содан кейін жедел жәрдем келіп, сәби ауруханаға жеткізілген еді. 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар