«Ертең митинг бола ма? »: Шерзаттың әкесі мен Айтбек Амангелді шұғыл мәлімдеме жасады
- авторjambylinfo.kz
- 13 қазан, 2024
- 599
Алматы облысы Талғарда аса қатыгездікпен өлтірілген 16 жастағы Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов пен Айтбек Амангелді митингке қатысты мәлімдеме жасады.
Қоғам белсендісі Айтбек Амангелді халықты 14 қазан күні ереуілге шықпауға шақырды.
"Қайырлы күн! Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуміз сіздерді 14 қазан күні митингке шығуға шақырамыз. Айта кетейік, ертең ешқандай митинг болмайды. Қазір қылмыстық іске қатысты тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар жасалады. Ал бұл митинг тергеу амалдарына кесірін тигізеді. Сол себепті, сабыр сақтайық. Істі бақылап отырмыз. Сондай-ақ, тағы бір айта кететін жайт, марқұм Шерзаттың отбасы ешқандай ақша жинап жатқан жоқ", – деді Айтбек Амангелді.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні 16 жастағы Шерзат Болат бір топ кісінің қолынан ажал құшты. Бүгінгі таңда марқұмды өлтірді деген күдікпен 7 адам ұсталды. Күні кеше қара жамылған отбасының Талғар қаласы маңындағы Азат ауылында үйі өртке оранған болатын.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды
Ұқсас жаңалықтар
Ербол Қарашөкеев: «Тойымыз кішігірім асханада өтті»
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024
Қайсар Бекенов ҚФФ басқарушы директоры қызметіне тағайындалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 желтоқсан, 2024