сенбі, 29 наурыз, 2025 13:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылға атаулы әлеуметтік көмекке 132,9 млрд теңге бөлінді

2025 жылға атаулы әлеуметтік көмекке 132,9 млрд теңге бөлінді
Фото: gov.kz
Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Биылғы жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша 31,9 мың отбасындағы 169,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2025 жылы осы мақсатқа бюджеттен 132,9 млрд теңге қарастырылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.

АӘК келесі шараларды қамтиды:

Табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға ай сайын 1,5 АЕК мөлшерінде қосымша төлем беру. 2025 жылдың 1 ақпанына дейін мектеп жасына дейінгі 52 мың балаға 305,1 млн теңге сомасында қосымша төлем тағайындалды;

Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу және басқа да шаралар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтініштерді тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтары, ауыл округінің әкімі немесе Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35%-ы деңгейінде белгіленген, бірақ өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінен 70%-дан төмен емес мөлшерде айқындалады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар