сенбі, 15 наурыз, 2025 19:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға»: Кінәлілер 8 жылға дейін сотталуы мүмкін

«Костенко шахтасындағы қайғылы оқиға»: Кінәлілер 8 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы прокуратура мәлімдеді

Костенко шахтасындағы жарылысқа қатысты сотқа 106 томдық іс жіберілген. Кінәлілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қарағанды облысының прокуратурасы Костенко шахтасында кеншілердің қаза табуына қатысты 106 томдық қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сотқа дейінгі тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Ішкі істер министрлігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржылық мониторинг агенттігі және Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен жүргізді.

«Тергеу барысында жазатайым оқиғаға тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерінің жаппай бұзылуы себеп болғаны анықталды. Көмір өндіру алаңындағы жарылыс, шоғырлануы рұқсат етілген стандарттардан айтарлықтай асып кеткен көмір шаңының жарылыстарының тізбекті реакциясын тудырып, 46 кенші қаза тауып, 28 кенші жарақаттанды. Шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлер қатарынан 10 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Барлығы қамауда. Оларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша («тау-кен жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») айып тағылды, аталған бап бойынша 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», - деп мәлімдеді Қарағанды облысының прокуратурасы.

Іс бойынша 74 адам жәбірленуші ретінде танылды.

Материалдар негізі бойынша қарау үшін Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан  аудандық сотына жіберілді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар