жұма, 27 желтоқсан, 2024 7:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

22 жастағы жігітті үйлену тойында өлтіріп кетті

22 жастағы жігітті үйлену тойында өлтіріп кетті
Фото Бейнеден үзінді
Оқиға Көкшетау қаласында болды

Көкшетауда кеше түнде ойын-сауық орындарының бірінде 22 жастағы жігітті өлтіріп кетті. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz сайтына марқұмның туыстары айтып, кінәлілердің әділ жазалануын сұрайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Туыстарының айтуынша, барлығы жас жігіттің үйленген күні болған. Қылмысқа Ақмола облысының полиция департаменті түсініктеме берді.
 «12 қарашада Көкшетау қаласындағы ойын-сауық мекемелерінің бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіру дерегі бойынша полиция 99-баптың 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. 
Бұл фактілер бойынша жан-жақты және объективті тергеу жүргізіледі деп сендіреміз. Тергеу барысы бастықтың бақылауында», Бұл туралы облыстық ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Бақтияр Өтекин мәлім етті.

Жігіттің өлтірілгені туралы хабар көкшетаулықтарды таң қалдырды. Жәбірленушінің туыстары журналистерге оның соңғы видеоларының бірін ұсынды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар