Мектеп мейірбекесі 8 жастағы қызға «8 түйір антибиотик» беріп улаған
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 қараша, 2024
- 902
Қазір аталған жайтқа қатысты мектепте тексеріс басталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ктк телеарнасының хабарлауынша, Астанада 8 жасар қыз мектепте дәріден уланып қалды. Ата-анасының айтуынша, мейірбике жеткіншекке сегіз түйір антибиотик берген. Сабақ үстінен шақыртып алып, оқушыға мұншама дәрі бергені жайлы ескертпеді дейді. Үйіне келе есінен танып құлаған кішкентай Айсәулеге жедел жәрдем уақытында көмекке келген. Антибиотик әсерінен қан құсып, өлім аузынан қалған балақайдың ата-анасы бұған кінәлілер тегіс жауап беруін талап етіп құзырлы органға шағым түсірді.
Анасының айтуынша «Есікті аштым, балам құлады. Содан құсып, өз-өзіне әрең келтіріп алдым. Жедел жәрдем шақырттым. Балам осындай көп дәрі ішіп, уланып қалғанын анықтаманы сол жерде маған жазып берді. Білмеймін, неге сонша көп дәрі бергенінен хабарсызбын. Жедел жәрдем қан құсқан жеткіншек антибиотикті мөлшерден көп қабылдаудан уланған деген анықтама берген». Директордың айтуынша ол оның міндетіне жатпайды дейді.
Мектепте оқу жалғасып жатыр. Мейірбике де жұмысында. Бұған дейін баласы дәріден уланған ата-анамен сөйлесуден бас тартқан екен. Қазір олар прокуратураға, денсаулық сақтау министрлігіне шағым түсірген. Ержан Нұрлыбаев, ҚР Денсаулық сақтау вице министрі: — Бұл жағдай бойынша, аумақтық комитет қызметтік тексерісті бастады. Ол аяқталмайынша, артық ақпарат айтқаным дұрыс болмайды.