сәрсенбі, 14 мамыр, 2025 16:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

24 мамырдан бастап баспана кезегіне тұру тәртібі жеңілдейді

24 мамырдан бастап баспана кезегіне тұру тәртібі жеңілдейді
Фото: Jambylinfo.kz
Енді 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы тұрғын үй кезегіне тұра алады.

Бұған дейін бұл мүмкіндік тек алты санаттағы азаматтарға арналған еді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа талап бойынша, соңғы бес жылда атыңызда тұрғын үй болмағаны жеткілікті. Егер апатты жағдайдағы үйде тұрсаңыз да, өтініш бере аласыз. Әлеуметтік мәртебе, жұмыс орны немесе мамандығыңыз маңызды емес — бастысы, баспанаға шынымен мұқтаж екеніңізді дәлелдеу керек.

Өтініштер kezekte.kz сайтында қабылданады. ЖСН мен аты-жөніңізді енгізіп, кезекке тұрғаныңызды тексеруге болады. Егер тізімде болмасаңыз, жергілікті әкімдікке хабарласу қажет.

Барлық процесс — өтініш қабылдау, құжаттарды тексеру, кезекке қою және пәтер үлестіру — Отбасы банкі арқылы жүргізіледі. Алдағы алты айда банк барлық кезекті қайта қарап, шынайы мұқтаж жандарды анықтайды.

Айта кетейік, бұл бастама басқа мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға ешқандай кедергі келтірмейді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар