
Осылайша «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.
1 маусымнан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:
№77/78 "Алматы - Маңғыстау";
№351/352 "Алматы - Маңғыстау";
№45/46 "Павлодар - Түркістан";
№37/38 "Маңғыстау - Семей";
№47/48 "Атырау - Астана";
№33/34 "Ақтөбе - Алматы";
№4/3 "Астана - Алматы";
№71/72 "Астана - Шымкент";
№354/353 "Астана - Семей";
№24/23 "Ақтөбе - Алматы";
№25/26 "Алматы - Шымкент";
№614/613 "Орал - Маңғыстау".
Айта кетейік, әйелдер вагонында қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда 7 жасқа дейінгі ұл балалар бірге жүруіне рұқсат берілген.