25 маусымнан бастап Air Astana Дубай мен Дохаға ұшады
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 маусым, 2025
- 244

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz airastana cілтеме жасап.
Компания өкілдері Таяу Шығысқа 25 маусымнан бастап ұшу жоспарланып отырғанын айтты. Атап айтқанда, келесі рейстер жергілікті уақыт бойынша ұшады деп күтіледі:
KC205 Астана-Дубай, сағат 11:00
KC206 Дубай-Астана, сағат 16:40
KC653 Алматы-Доха, сағат 11:00
KC654 Доха-Алматы, сағат 15:05
KC897 Алматы -Дубай, сағат 11:15
KC898 Дубай-Алматы, сағат 16:10.
Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесімен КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17:40-та репатриациялық рейс орындалады.
Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Air Astana кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұрайды. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалатыны атап өтілген.
Ұқсас жаңалықтар
Мысырда алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық азамат қолға түсті
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
ТЖМ Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздестіруде
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025