жексенбі, 13 шілде, 2025 23:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Трамп Израиль мен Иран арасындағы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынылды

Трамп Израиль мен Иран арасындағы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынылды
Фото: flickr/White House
Бұған дейін Пәкістан үкіметі де Трампты Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде бастама көтерген болатын.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қатысқаны үшін Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  zakon.kz сілтеме жасап.

Инициатива 2025 жылғы 24 маусымда АҚШ Конгресінің республикашыл мүшесі Бадди Картер тарапынан көтерілді. Fox News мәліметінше, Картер Нобель комитетінің төрағасы Йорген Ватне Фриднеге жолдаған хатында Трамптың қарулы қақтығысты тоқтатып, аймақта ядролық қарудың таралуына жол бермеудегі ерекше рөлін атап өткен.

"Әлем ауқымды аймақтық соғыстың алдында тұрған шақта Трамп шешуші әрекетке барып, атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізді", – делінген ресми хатта.

Картер Трамптың бастамасы Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтып қана қоймай, миллиондаған адамның өмірін сақтауға септігін тигізгенін атап өтті.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар