жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 22:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Тараз тұрғындарға қолайлы қала ма?": 400 мыңнан аса халқы бар шаhарда шешілмеген мәселе көп

"Тараз тұрғындарға қолайлы қала ма?": 400 мыңнан аса халқы бар шаhарда шешілмеген мәселе көп
Jambylinfo.kz
Жылдан жылға шаһар тұрғындарының саны ғана емес, қала аумағы да артып келеді

Бүгінгі күні Тараз қаласында 25 өзекті мәселе туындап отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте  аумақтық округтердегі ахуал жіті қаралып, жауаптыларға тапсырмалар жүктелді. Қала әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дамир Аймановтың айтуынша, қазіргі таңда шаһардағы 11 аумақтық округте 25 өзекті мәселе туындап отыр екен.

-           Қордаланған мәселелердің 2-еуі шлюз бойынша болса, 8-і жол жөндеу, 3-еуі  су, кәріз жүйесі және 3-еуі тал кесу мен бұталау бойынша қалыптасып отыр. Одан бөлек, лоток орнату және арық су мәселесі бойынша – 3, түнгі шамдар орнату  бойынша – 1,  аялдама орнату бойынша – 1 және  қоқыс мәселесі бойынша 4 сауал туындауда. Қазіргі таңда көтерілген мәселелердің 8-і шешімін тапса, қалған 17-сі орындалу барысында, – деген бөлім басшысы әр округ бойынша шешімін күткен мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

Өз кезегінде Бақытжан Әмірбекұлы әр округ инспекторынан жеке-жеке жауап алып, нақты тапсырмаларын жүктеді. Шаһар басшысы округтердегі санитарлық тазалық жұмыстары, жарық, жол, тұрғын үй құрылысы мен тал кесу сынды жұмыстарда олқылықтар көп орын алып жатқанын ашып айтып, туындаған мәселелерді шешуді міндеттеді.

Айта кетейік, өткен жылы ғана қаланы дамытудың бас жоспары бекітіліп, 2010 жылы қабылданған жоспардың күші жойылған. Биыл шаһардағы жұмыс жүйесін тауып, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігіне жайлы жағдай жасау бойынша бірқатар шаруалар атқарылып жатыр. Соның ішінде қаладағы алып аумақтарды байланыстыратын көпір салу мәселесі халық үшін маңызды. Облыс орталығының  "Залиний" аталып кеткен аумағымен байланыстыратын көпірді салу жұмыстары 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған.

  • Темір жолдың арғы бетіндегі тұрғын алапты байланыстырып тұрған жалғыз жер асты көпірі тарлық ете бастады. Соның кесірінен бітпейтін кептеліс жиі орын алады. Тұрғындардың да мазасы қашты. Биыл осы мәселе шешілсе, құба-құп. Қуаттаймыз. Өйткені, бұл тұтас халықтың игілігі,- деді қала тұрғыны Әбу Бейсеков.

Еске салайық, көпірдің ұзындығы 1 шақырымдай, ені 17 метр болмақ.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар