«Халықаралық ынтымақтастық». Олигополиялар тарапынан Қазақстанға 1,07 трлн теңге қайтарылған
- авторМағжан Орынбасар
- 16 шілде, 2024
- 494
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет олигополиялар тарапынан Қазақстанға 1,07 трлн теңге қайтарды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Агенттіктің дерегіне сүйенсек, олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылған. Бұл жұмыс – БҰҰ-ның тиісті Конвенциясында белгіленген жемқорлыққа қарсы күрестің іргелі халықаралық қағидаты.
Қазіргі жағдайда қаражат көбінесе басқа юрисдикцияларға шығарылады, сондықтан ұрланғанды анықтау және қайтару бойынша халықаралық ынтымақтастық маңызды.
Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық жүргізуде, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.
- Нақты елдермен екіжақты ынтымақтастық маңызды рөл атқарады, соның арқасында Австрия, Франция, Лихтенштейн, Әмірліктер, Түркия, Ресей және басқа елдерден елге 736 млн доллардан астам ақша, бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, зергерлік бұйымдар қайтарылды. Бүгінгі таңда Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасасты, оның 4-і ағымдағы жылы қол қойылды. Бұл Әзірбайжан, Гонконг, Катар және Ресей. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жоспарында үш негізгі вектор – Еуропа, Таяу Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия ынтымақтастығын одан әрі кеңейту көзделген,- делінген ресми хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024