дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жасанды интеллект енді қазақ тілін меңгеріп, мәтіндерді еркін аударады

Жасанды интеллект енді қазақ тілін меңгеріп, мәтіндерді еркін аударады
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Қазір бұл жоба үшін деректер жиналып жатыр

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы қаралды. Саладағы жобаларды іске асыру туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 Президенттің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Министрлік «KazLLM» үлкен тілдік моделінің жобасын әзірлеу үшін деректер массивін жинауды жүргізуде. Жалпы деректерді жинау нәтижесінде қазақ тілін өңдеудің жоғары сапалы моделі жасалатын болады.

Болашақта бұл автоматты аударманы жақсартуға ғана емес, жалпы қазақ тіліндегі мәтіндерді өңдеудің сапасы мен дәлдігін арттыруға көмектеседі.

Деректерді жинау үшін Министрлік консорциум құрды, оған Ақпараттық және есептеу технологиялары институты, Satbayev University, Nazarbayev University, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты және ҚазҰУ кірді.

Осы жобаны нысаналы қаржыландыру бағдарламасы бойынша министрлік жалпы сомасы 3,9 млрд теңгеге конкурс жариялады (2024 жылы 1,92 млрд, 2025 жылы 800 млн, 2026 жылы 1,2 млрд).
 «KazLLM» үшін деректер массивтерін толтыру мақсатында консорциум, ЖОО және мемлекеттік органдар деректерді «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесіне беруді жүргізеді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар