Жаңалықтар
5 кеншінің өлімі: "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы 100% кінәлі деп танылды
- авторjambylinfo.kz
- 23 қараша, 2022
- 214
5 кеншінің өлімі: "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы 100% кінәлі деп танылды
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 5 кеншінің өмірін қиған Ленин атындағы шахтадағы апатты тергеу нәтижелері туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ басшысы қайғылы жағдайдың негізгі себебі шаңды метан шығарындыларының көптігі, бұрғылау штангасының үйкелісінен ұшқын пайда болуы, сондай-ақ жұмыстардың қанағаттанарлықсыз ұйымдастырылуы екенін айтты.
Апатқа жұмыс беруші 100% кінәлі деп танылды.
"Комиссия қызметкерлердің кінәсі 0%, жұмыс берушінің кінәсі 100% екенін анықтады. Жұмыс барысында еңбек заңнамасын бұзуға жол берген жауапты тұлғалар тобы белгілі болды", — деді ол.Ильин жауапты адамдар шеңбері құрылғанын айтты. Күдіктілер қатарында 26 адам бар, оның ішінде "АрселорМиттал Теміртау" басшылығы, атап айтқанда Биджу Наир мен Джейсон Батиста да бар. Еске сала кетейік, жуырда ң«АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының сақталуына мән беруді тапсырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз