дүйсенбі, 25 қараша, 2024 1:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ресейлік телеарнада Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атады

Ресейлік телеарнада Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атады
ашық дереккөзі
Ресейлік телеарнада Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атады
Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Қазақстанды "Украинадан кейінгі  проблема" деп атады, деп хабарлайды Жамбылинфо Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.
Бағдарлама қонақтарының бірі "Ресейдің келесі проблемасы Қазақстан болады" деп мәлімдеді.
"Онда да Украинадағыдай "ұлтшылдық процестер" басталуы мүмкін. Қазақстанда ресейліктер көп, шекарамыз ең ұзын және біздің "Росатом" үшін ядролық отын да сонда", — деді ол.
Тиісті үзіндіні Украинаның Ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенко өзінің Telegram арнасында жариялады.
"Назар аудар, Қазақстан! Олар сендерді келесісіңдер дейді", – деп жазды ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар