Жаңалықтар
5 облыста суды үнемдеу үшін егіс алқаптары қысқартылды
- авторjambylinfo.kz
- 22 қараша, 2022
- 277
5 облыста суды үнемдеу үшін егіс алқаптары қысқартылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев суды үнемдеу үшін 5 өңірде күріш, мақта, пияздың егіс алқаптары қысқартылатынын айтты, деп хабарлады Жамбылинфо Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.
Алматы, Жетісу, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында су ресурстарының тапшылығын қысқарту үшін ылғал көп қажет ететін дақылдардың (күріш, мақта, пияз) алаңдары азайтылды. Сондай-ақ суды үнемдеу үшін су айналымы, суару кезектілігі ұйымдастырылды. Жалпы, 1030 шақырым болатын каналдарда механикалық тазарту жұмыстары жүргізілді және 107 мың гектар алаңда су үнемдеу технологиялары қолданылды, - деді министр Үкімет отырысында.Серікқали Брекешевтің айтуынша, Қызылорда облысы үшін Үкімет резервінен сорғы қондырғыларын сатып алуға және ұңғымаларды жөндеуге, бұрғылауға 3,6 млрд теңге бөлінген.
Жалпы алдын ала қабылданған шаралардың арқасында оңтүстік өңірлерде вегетациялық кезең шығынсыз өтті. Бүгінде келесі жылдың вегетациялық кезеңіне дайындық жұмыстарын атқару үшін арнайы жоспарды бекітіп, бастапқы жұмыстарға кірісіп кеттік, - деді ол.Сондай-ақ министр Ауыл шаруашылығы министрлігімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, қантардан бастап фермерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін атап өтті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз