жұма, 3 мамыр, 2024 23:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Индонезияда жер сілкінісі салдарынан 160-тан астам адам қаза тапты

Индонезияда жер сілкінісі салдарынан 160-тан астам адам қаза тапты
ашық дереккөзі
Индонезияда жер сілкінісі салдарынан 160-тан астам адам қаза тапты
Дүйсенбі, 21 қарашада Индонезияның Батыс Ява провинциясында күшті жер сілкінісі болды. Салдарынан бір жарым жүзден астам адам қаза тауып, 330-ға жуық адам жарақат алды, деп хабарлайды Жамбылинфо  CNN-ге сілтеме жасап. Басылымның хабарлауынша, күші 5,6 балдық жер сілкінісі салдарынан 162 адам қаза тапқан. Провинция губернаторы Ридван Камилдің БАҚ-қа берген мәліметінше, 326-ға жуық адам әртүрлі жарақат алған. АҚШ геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі кеше Батыс Яваның Чанжур аймағында 10 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі салдарынан 13 782 адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Олардың барлығы 14 босқын лагеріне орналастырылатыны атап өтілді. Сондай-ақ кемімнде 2345 үй зардап шеккені хабарлануда. Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттіктің жергілікті филиалының мәліметінше, төрт мектеп пен 52 үй қирап, мешіт пен аурухана ғимараты қатты зақымданған.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар