жұма, 3 мамыр, 2024 22:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

5 облыстағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: zhaikpress.kz
Еліміздің 5 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді

2024 жылғы 16 сәуірдегі сағат 9:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыстағы (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 6 850 метр болатын су тасқыны болды, – делінген хабарламада.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автокөлік жолында (ұзындығы 411 шақырым) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазір республикалық жолдарға 534 техника мен 1 134 адам жұмылдырылған.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар