жексенбі, 5 мамыр, 2024 2:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Су тасқыны: Бетперде киген жұмбақ жігіт халыққа көмек ретінде 450 млн теңге аударды

Су тасқыны: Бетперде киген жұмбақ жігіт халыққа көмек ретінде 450 млн теңге аударды
Ғаламтор
Ел ішінде бетперде киіп, халыққа қайырымдылық жасап жүретін бетперделі жігіn су тасқынынан зардап шеккен халыққа 450 млн теңге аударды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аты жөні белігісіз жомарт жігіт инстаграмдағы әлеуметтік парақшасында 10 өңірде төтенше жағдай жарияланғанын, дәл қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланғанын жазған. Сонымен қатар ол  5000-нан астам үй судың астында қалып, 8000-нан үй жануары қырылғанын атап өткен.

– Қазіргі таңда су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге.  Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз, - дейді бетперде киген жігіт.

Еске сала кетейік, қара бетперде таққан азамат біраз уақыттан бері жарлы адамдарға көмек көрсетіп келеді. Ол бірде алты баласы бар жалғызбасты әйелге баспананың кілтін сыйлаған. Тағы бірде жұмбақ жігіт жертөледе тұрып жатқан анаға баспана алып берді.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар