жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

5513 әскери бөлімінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады

5513 әскери бөлімінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады
Фото - ашық дереккөз
Салтанатты шараға әскери бөлім басшылығы, ардагерлер кеңесінің мүшелері, сарбаздардың ата-аналары мен жақындары қатысты.

  2025 жылғы 19 шілде күні ҚР Ұлттық ұланының Орал қаласындағы 5513 әскери бөлімінде жазғы шақырылыммен келген сарбаздардың әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұлттық ұланның жедел бригадасы бұл күні еліміздің әр өңірінен келген 300-ге жуық жас сарбазбен толықты.

Сарбаздар Отанға адал қызмет етуге ант беріп, ҚР Мемлекеттік Гимні орындалды, Ту көтерілді. Рәсімді бөлім командирі міндетін уақытша атқарушы полковник Құрмет Серікұлы Зарипов ашып, жас жауынгерлерді құттықтады.

 Әскери ант – бұл жай мәтін емес, ол – Отанға және халыққа адал қызмет етуге берілген қасиетті серт, – деді полковник Зарипов.

Іс-шара барысында бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақайдар Дәулетұлы Дүйсембиев жас сарбаздарға сәттілік тілеп, Ұлттық ұландағы қызметтің жауапкершілігін атап өтті.

Сарбаздар атынан сөз сөйлеген ата-аналар – Ермаханова Мадина мен Құрманбай Әлішердің жақындары балаларына және барша сарбаздарға ел тыныштығы жолында адал қызмет етуге тілектестік білдірді.

Жиын соңында сарбаздар саптық даярлық пен қоян-қолтық ұрыстан дайындықтарын көрсетті. Бұдан соң олар бірлесе орындаған патриоттық «Мен қазақпын» әні шараға ерекше рух берді.

Салтанатты шерумен аяқталған рәсім жаңа шақырылым сарбаздары үшін маңызды тарихи сәтке айналды. Енді олар — еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұланның толыққанды жауынгерлері.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар