сенбі, 14 желтоқсан, 2024 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

6 мамырда кей өңірде үсік жүріп, бұршақ жауады

6 мамырда кей өңірде үсік жүріп, бұршақ жауады
Сурет:
Синоптиктер 6 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

 Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста, батыста бұршақ жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл, ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында синоптиктер көктайғақ болып, таулы асуларда жел 15-20 м/с күшейеді деп болжады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында бұршақ жауады, дауыл тұрады.

Атырау облысында, оңтүстік-шығыста, Алматы облысының таулы аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді деп болжанды.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз батыста, солтүстікте, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарының орталықтарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, шығысында желдің күшеюі 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстікте, батыста, Маңғыстау облысының орталығында бұршақ жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, басым бөлігінде жел болады. Оның екпіні 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік-батыста, облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысында таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 25 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі бар.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар