жексенбі, 19 мамыр, 2024 10:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Тоқаев Костенко шахтасының кеншісін «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады

Тоқаев Костенко шахтасының кеншісін «Еңбек Даңқы» орденімен марапаттады
Фото: ТЖМ
Айбар Қосанов бірнеше күн бұрын шахтадан шыққан өртті өз күшімен ауыздықтаған болатын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко шахтасының кеншісі Айбар Қосановқа ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін «Qarmet» акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды», - деп хабарлады Ақорда.

Естеріңізге сала кетейік, Айбар Қосанов шахтаның ішінен шыққан өртті ауыздықтап, апаттың алдын алған болатын. 2023 жылдың қазанында Костенко шахтасындағы ірі апаттардың бірінен 46 кенші қаза тапқан еді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар