дүйсенбі, 25 қараша, 2024 8:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

8 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабық

8 облыста республикалық маңызы бар жолдар жабық
18 ақпан сағат 15.00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 8 облыстағы республикалық маңызы бар 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Бұл туралы QazAvtoJol республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы хабарлады.

Абай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 177 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Қалбатау а.-Бұғаз а. (барлық көлік үшін) 

Алматы облысында 2 учаске, жалпы ұзындығы 99 км (қар, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Алматы-Тау турбазасына кіреберіс» (жүк және қоғамдық көлік үшін);

2. «Алматы-Ташкент-Термез» -Жаңақұрлыс а.-Жамбыл обл. шек. (жүк және қоғамдық көлік үшін);

Шығыс Қазақстан облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 153 км (қар, боран, көрінуді шектеу)

1. «Омбы-Майқапшағай» — Абай обл. шек. — Зайсан қ.

Жамбыл облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 150 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» — Алматы обл. шек.-Қордай а. (жүк және қоғамдық көлік үшін);  Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады) (барлық көлік үшін). Қайнар а.-Түркістан обл. шек. (транзиттік жүк көліктері үшін)

Жетісу облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 100 км (қар, боран, жел, көрінуді шектеу)

1. «Үшарал-Достық» — Көктұма ст.-Достық ст. (барлық көлік үшін);

Қостанай облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 83 км (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» -Ұлытау обл. шек-Арқалық қ. (барлық көлік үшін)

Түркістан облысында 1 усаске, жалпы ұзындығы 61 км (қар, бұрқасын, жел, шектеулі көрініс)

1. «Алматы-Ташкент-Термез» — Жамбыл обл. шек.- Машат к. (транзиттік жүк көліктері үшін) 

Ұлытау облысында 1 учаске, жалпы ұзындығы 115 км (боран жел, көрінуді шектеу)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кенті-Қостанай обл. шек (барлық көлік үшін) Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарға 287 бірлік техника және 477 адам жұмылдырылды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар